19.11.2017, 14:19 Бір оқпен қанша қоян атты?

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мексикалық боксшы Сауль Альвареске қарсы өткізген жекпе-жекте 15 миллион долларға байығанын жақсы білесіздер. Мұндай соммадағы қаражатты атақты қазақстандық боксшы бұрын-соңды алып көрмеген. Соңғы 3 жылда жұдырықтасқан 8 қарсыласының гонорарын қосқанда да Канелломен өткізген кездесудің құнын шығара алмайтындығын есептеп көрген едік.   

Назарларыңызға GGG-дың соңғы кездесулерден жиған гонорарын ұсынамыз.  

Дэниел Джейкобс – 2 500 000$

Келл Брук – 4 000 000$

Доминик Уэйд – 2 000 000$

Давид Лемье – 2 000 000$

Вилли Монро – 1 500 000$

Мартин Мюррей – 1 100 000$

Марко Антонио Рубио – 900 000$

Дэниел Гилл – 750 000$

Жалпы сомма 14 750 000 долларды құрап отыр. Ти-Мобайл Аренадағы бокс кешінен түскен қаражаттан 250 000 доллар кем. Жерлесіміздің бір оқпен қанша қоян атқандығын мына сандардың өзі айтып тұр ма, қалай?

Мұхтар Жәмішжанов

  • Поделиться с друзьями:

Комментарии (0)