08.12.2017, 2:29 145 Әсет Исекешев "Астананы" тарихи жеңісімен құттықтады

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шыққан "Астана" футбол командасын құттықтады. Бұл туралы ол өзінің Facebook желісінде айтты.

"Алақай! Тарихи жеңіс! "Астана" Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шықты", - деп қуанышымен бөлісті қала әкімі. 

Айта кетейік, бүгін Праганың "Славия" командасын жеңген "Астана" Еуропа лигасының 1/16 финалына шықты. Елордалық ұжымның плей-оффтағы қарсыласы 11 желтоқсан күні Ньон қаласында өтетін жеребе тарту рәсімінде белгілі болады.

  • Поделиться с друзьями:

Комментарии (0)