20.10.2017, 13:29 Ару «Астанадан» кетті

«Астана» велоклубының көшбасшысы Фабио Ару БАӘ-нің UAE Team Emirates командасымен келісімшартқа отырды.  27 жасар шабандоз алдағы 3 жылын Араб елінде өткізеді.

«UAE Team Emirates командасының басшылығы мен серіктестері маған сенім артып, қатарларына қосқандығына қуаныштымын. Үкілеген үмітті ақтаймын деп сенемін. Күні бүгінге дейін қолдау көрсеткен әріпестеріме де алғысымды жеткізгім келеді. Менің кәсіби спортшы болып қалыптасуыма олардың да септігі тиді», - дейді Ару.  

Италияндық велошабандоздың бұл шешіміне «Астана» клубының шамданып қалғаны да жасырын емес. Бірер күн бұрын команданың бас менеджері Александр Винокуров Фабионы трансферлік ауысым аяқталар тұста өзге клубқа ауысқандығына қынжылатынын айтқан еді.

 

Мұхтар Жәмішжанов

  • Поделиться с друзьями:

Комментарии (0)