29.12.2017, 10:25 68 «Ақжайық» өз айдынында «Знамя-Удмуртия» командасына есе жіберді

Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста «Ақжайық» «Знамя-Удмуртия» (Воткинск) командасымен екінші кездесуінде ұтылып қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Бұл матч та тартысты өтіп, 10-минутта алдымен «Ақжайықтан» Андрей Гущин есеп ашты. Дегенмен 16-минутта «Знамя-Удмуртия» командасынан Сергей Гаврилов таразы басын теңестірді. Екінші таймда 55-минутта Артем Никулин шешуші голды соғып кетті. Сөйтіп қонақтар 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бірінші ойында командалар 3:3 есебімен тең тарқасқан болатын. Айта кетейік, «Ақжайық» келесі ойындарын өз айдынында 9-10 қаңтарда 10 ойыннан кейін 13 ұпаймен екінші топта әзірге үшінші орында тұрған «Локомотив» (Орынбор) командасымен өткізеді. Соңғы сатыдағы оралдықтардың жеті ұпайы бар. Алдағы ойындарын сәтті өткізсе, Владимир Кожевников шәкірттерінің турнир кестесіндегі жағдайын жақсарта алары анық.

  • Поделиться с друзьями:
  • НОВОСТИ
  • Популярное

Комментарии (0)