26.10.2017, 17:07 Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынына "Қайраттан" 10 ойыншы шақыртылды

Премьер-Лига ойындары аяқталғаннан кейін футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Талғардағы базада 7-12 қараша аралығында оқу-жаттығу жиынын өткізбекші. Жиын аясында футболшыларымыз жастар құрамасымен екі ойын өткізуді жоспарлап отыр.

Назарларыңызға оқу-жыттығу жиынына шақырту алған ойыншылар тізімін ұсынамыз:

Қақпашылар: Марсель Исламқұлов («Қайсар»), Игорь Шацкий («Шахтер»);

Қорғаушылар: Юрий Логвиненко, Абзал Бейсебеков, Сергей Малый (барлығы – «Астана»), Ғафуржан Сүйімбаев, Елдос Ахметов, Тимур Рудосельский, Александр Соколенко, Ян Вороговский (барлығы – «Қайрат»), Дмитрий Мирошниченко, Григорий Сартаков (екеуі де - «Тобыл»), Виктор Дмитренко («Шахтер»);

Жартылай қорғаушылар: Юрий Перцух («Ақжайық»), Асқат Тағыберген («Астана»), Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат, Георгий Жуков, Бауыржан Тұрысбек, Магомед Парагульгов (барлығы – «Қайрат»), Еркебұлан Тұңғышбаев («Ордабасы»), Бактиер Зайнутдинов («Тараз»), Дидар Жалмұқан, («Тобол»);

Шабуылшылар: Роман Муртазаев («Астана»), Тоқтар Жаңғылышбай («Қайсар»), Алексей Щеткин («Тобыл»);

Бас бапкер: Александр Бородюк

  • Достармен бөлісу:

Пікірлер (0)