12.01.2018, 11:23 33 Тұрысбек «Тобылды» таңдады

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Бауыржан Тұрысбек «Тобылға» ауысты.

Клубтың баспасөз хатшысы Константин Должанскийдің айтуынша, жас шабуылшы екі жылға келісім-шартқа отырды. Бауыржан Тұрысбек кәсіби мансабын Талдықорғанның "Жетісу-Сұңқар" клубынан бастады. Кейін сербиялық "Раднички" командасына ауысты.

«Сербия суперлигасында өнер көрсетіп келген Бауыржан бірден жанкүйерлер назарына ілікті. Футбол мамандары өткен маусымда «Қайрат» үшін аса маңызды бәсекелерде мергендік танытқан жас шабуылшыны ұлттық құрамаға тартты. Бойында шабуылшыға қажетті қабілеттер жетерлік футболшының болашағы зор», - дейді облыстық футбол федерациясының вице-президенті Болат Ысқақов.

Тұрысбек 2016 жылы «Қайратпен» 3,5 жылға келісім-шарт жасасқан. Былтыр алматылықтар сапында 14 матчқа қатысып, 5 гол соқты.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал

Пікірлер (0)