12.04.2018, 14:19 291 Шәрібаев VS Канчио. АҚШ-та қарсыластардың салмақ өлшеу рәсімі өтті

Бүгін Калифорнияның Fantasy Springs Resort кешенінде қазақстандық Айдар Шәрібаев салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті.

Айдардың таразыдағы таза салмағы 129,4 фунтты көрсетсе, оның қарсыласы америкалық Эндрю Канчионың таза салмағы 130 фунтты көрсетті. Сондай-ақ, боксшылар дәстүрлі түрде бір-бірімен көз арбасты. Шара барысында WBA Inter-Continental белбеуін әйгілі Бернард Хопкинстің өзі ортаға алып шықты.
Айта кетейік, отандасымыз АҚШ уақытымен 12 сәуір күні мексикалық Франсиско Варгас (24-1-2, 17 KO) пен америкалық Род Сальканың (24-4, 4 KO) жекпе-жегі аясында шаршы алаңға шығады. Екі боксшы екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесіндегі WBA Inter-Continental белбеуін сарапқа салады.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал