12.01.2018, 13:30 42 Рейхерд Әлем кубогы кезеңінің күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық фристайлшы Дмитрий Рейхерд Американың Дер Вэллиінде могулдан әлем кубогының V кезеңінде күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА ҚР ҰОК-ға сілтеме жасап.

Канадалық Майкл Кингсбери  ең жоғары ұпайды (88.80) жинап, тағы да көш бастады. Рейхерд канадалықтан бес балға қалып қойған. Үшінші, орынды аустралиялық Мэтт Грэхем (82.37) иеленді.

Біздің қалған екі отандасымыз Павел Колмаков пен Дмитрий Бармашов ТОП-20-дан орын тепті.

Могулдан әлем кубогының V кезеңі, Дер Вэлли, АҚШ

1. Майкл Кингсбери (Канада) - 88.80

2. Дмитрий Рейхерд (Қазақстан) - 83.66

3. Мэтт Грэхем (Аустралия) - 82.37

... 27. Павел Колмаков (Қазақстан) - 72.98

33. Дмитрий Бармашов (Қазақстан) - 68.18

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал

Пікірлер (0)