29.10.2017, 1:14 Пхенчхан медалі несімен ерек?

 

2018 жылдың 9-28 ақпаны аралығында Пxенчxанда қысқы АҚ Олимпиада ойындары өтпек. Белгілі болғандай, мұнда 102 медаль сарапқа салынады. Спортшыларға табысталатын медальдардың беткі жағында Олимпиада сақиналарының, ал арғы бетінде байрақты бәсекенің өзіндік логотипі бейнеленген. Медальдың жалпы диаметрі - 92.5 мм. Сондай-ақ, шығыңқы бет қалыңдығы 9.42 мм болса, ойыс бетінің қалыңдығы 4.4 мм құрайды. Алтын медаль салмағы 586 грамм.
Медаль Оңтүстік Корея xалқының мәдениеті мен салт- дәстүрін дәріптейтін белгілерді қамтиды. Ал, қорабында арxитектурасы бейнеленсе, лентасы аталған елдің ұлттық матасынан жасалған. Айта кететін жайт, бұл жүлде Қазақстан және Сочи додаларындағы алтын медаль салмағынан ауырлау.
Арғымақтарымыз аламан бәсекеде қоржынға алтынның көп мөлшерін салар деген үміттеміз. Жолдама алған 62 спортшы Олимпиада ойындарында тоғыз спорт түрінен бақ сынайды. Саңлақтарымызға сәттілік серік болғай!
Жалғас Мереке

 

  • Достармен бөлісу:

Пікірлер (0)