01.11.2017, 11:12 Мұқашева мен Смольникова 2018 жылы жарыс жолына қайта оралады

Рио Олимпиадасынан кейін 800 метрге жүгіруден талай жарыстардың жеңімпазы Маргарита Мұқашева демалыс алған болатын. Спортшы енді келесі маусымда жарыс жолына қайта шықпақшы.

Солтүстік Қазақстан облысының атлеті Олимпиадасының кейін декреттік демалысқа шыққан. Тамыз айында дүниеге сәби әкеліпті. Есімі – Роман.

Қазіргі кезде Маргарита жаттығуды қайта бастаған. Алдағы маусымда Қазақстандағы және халықаралық арендағы жарыстарға қатысуды көздеп отыр.

– Қолыма нәрестемді алып, өз-өзіме келе бастаған соң, аздаған жаттығулар жасап жүрдім. Күнделікті аздап жүгіріп, жаттығулар жасап тұрамын. Мұны әрине толыққанды жаттығу деп айтуға келмейді.  Шынымды айтсам, жеңіл атлетиканы сағынып қалыппым. Енді спорттық бабымды қайта қалпыма келтірсем, жарыс жолына шығатын боламын. Негізі бұған дейін де мұндай үзілістер болған. Мысалы, 2015 жылы ешқандай жарысқа қатыспадым. Себебі сол кезде қатты шаршадым, демалуды дұрыс деп таптым. Кейіннен қайтадан жаттығу жұмыстарын бастап, Олимпиада жолдамасына қол жеткіздім, – дейді Маргарита Мұқашева.

Айта кетейік, Мұқашева 2010 және 2014 жылы Азия ойындарында топ жарған. 2013 жылғы Универсиада ойындарының жеңімпазы.

Сондай-ақ марафоншы Ирина Смольникова да 2018 жылы жарыс жолына қайта шығуды көздеп отыр. Ол биыл жарақатына байланысты Лондондағы әлем чемпонатына қатыса алмай қалған еді. Спортшы ота жасатып, қазіргі кезде ағзаны қалпына келтіруге арналған жаттығулар жасап жүр.

ЖАФ-ның баспасөз қызметі

  • Достармен бөлісу:

Пікірлер (0)