03.11.2017, 10:48 Либеро дегеніміз кімдер?

Қазіргі волейболдағы либероның рөлі қандай? Либеросыз волейбол командасын елестету мүмкін емес қой. Бұл ойыншының мойнына допты қайтарып, блок қою ғана емес, команданың мықты қорғаныс күші болу жүктеледі. Сондай-ақ, командаластарын жеңіске қарай жетелеуші  де – либеро. Бұған мысал болатын бірден бір ойыншылар Ресей құрамасының либеросы Алексей Вербов пен Болгариялық Теодор Салпаров. Ал Франция құрамасының сапындағы Женя Гребенников – әлемдегі ең үздік либероның бірі.

Ең алдымен, допты әуелете соғудан оған тең келетін ешкім болмауы тиіс. Либеро үшін көз алдында болып жатқан ойынды көре білу маңызды. Алдын-ала жағдайға болжам жасауы оны ерекшелендіреді. Қорғаныста либеро қарсылас команданы ойсырататын соққыларын дер кезінде жасауы тиіс. Либеро – команданың қозғаушы күші ғана емес, «жүрегі». Формалды түрде лидерлікке бекітілмесе де, командалық рух пен атмосфераға жауапты ойыншы. Волейбол ойыншылары командалас либероның қадірін жақсы түсінеді. Себебі, ойын барысында қарсыластардың қайтарылмастай көрінген доптарын сауатты түрде тез шешім қабылдап қайтарады.

Ал біздің отандық волейболда мұндай ойыншылар бар ма? Әрине, бар. Тек саусақпен санарлық. Ұлттық құрамада Қайрат Байкенов пен Роман Сартов осы позицияда өздерін дәлелдей алып жүр. Ал қыздар арасынан Ұлттық Волейбол лигасында Әлия Садықова үздік. Ал кеше ғана Қазақстан чемпионатының финалында үздік өнер көрсеткен Диана Кемпельдің ойыны - бізде талантты либеро ойыншылар өсіп келе жатқанынанының көрінісі.

Айдана Алдоңғарова

  • Достармен бөлісу:

Пікірлер (0)