29.10.2017, 0:28 Қысқы олимпиада. Қызықты деректер топтамасы.

Әлемдегі барша спорт жанкүйерлері асыға күткен қысқы Олимпиада ойындарының басталуына санаулы айлар қалды.  Ақпан айының 9 мен 25 аралығында  Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясында орналасқан Пхёнчхан қаласы әлемдік спорт астанасына айналады. Бұл шешім 2009 жылы Оңтүстік Кореяның үшінші мәрте дауысқа түсіп жеңіске жетуіне байланысты қабылданды. Қысқы спорт түрінен мыңнан аса спортшылар бақ сынасатын  спорт додасы туралы ең қызықты деген ақпараттарды топтастырдық:

l   Олимпиада ойындарының Азия құрлығында өткізілуінің өзі – сирек құбылыс. Осы күнге дейін мұндай мәртебеге екі мәрте тек Жапония ғана ие болды. 1972 жылы Саппоро қаласында алғашқы рет өткізілсе, 1998 жылы Наганода  алауын жақты.

l   2018 жылғы Олимпиада ойындарының бюджеті бар болғаны «7 миллиард долларды» құрайды. Ал салыстыру үшін айта кетейік, 2014 жылы өткен Сочи қаласында өткен олимпиада 1,5 триллион рубльге бағаланған.  Оңтүстік Кореяның осыншалық аз шығындалуы – Олимпиадаға ұзақ дайындалу есебінен. Өйткені, Пхёнчхан қаласы олимпиада ойындарына қатарынан екі рет үміткер болған: 2010 және 2014 жылдары.

l   Оңтүстік Корея – Олимпиада ойындарының қысқы және жазғы түрлерін өткізу мәртебесіне ие болған санаулы ие елдердің қатарында. 

l  Корея шет елдік спортшыларды өз туының астына жинауды айып санаған емес. Әлбетте, өздері фаворит саналмайтын спорт түрлеріне шет елдіктерді тартады. Мәселен, хоккейден мықты команда жасақтау үшін бірнеше америалық және канадалық спортшылар корей азаматтығын алған.

l   Канвон –  бірден екі елдің  аумағында орналасқан провинция. Мұндай аумақ әлемде мүлде кездеспейді. Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея шекарасы осы провинция арқылы өтеді.  Бұл  - 1953 жылғы Корей соғысының нәтижесі.

l  Корея негізгі жетістік ретінде ойындар барысында 5G желісін енгізбекші. Ұсынылатын 5G желісі ағымдағы 4G LTE желісінен 270 есе жылдамырақ. Сондықтан да желідегі көрермендер Олимпиаданы көз алдарында өткіп жатқандай әсер алатын болады.

Айтпақшы, Олимпиада ағылшынның «Passion. Connected» ұранымен өтетіні мәлім болды. «Құштарлық біріктіреді» мағынасындағы тіркес әлемдегі барша жанкүйерлердің олимпиада ойындарын бір уақытта тамашалауының мәнісін түсіндіреді.

Бұдан бөлек, төменде негізгі мәлімденген Олимпиада ұранының баламасы- «Happy 700». 700 жергілікті халықтың ойынша адам денсаулығына қолайлы орташа биіктік екен.

Айдана Алдоңғарова

  • Достармен бөлісу:

Пікірлер (0)