18.12.2017, 16:57 369 "Көрерменнің ықыласы ыстық болды"

Елордада үстел теннисінен гранд финал додасы өз мәресіне жетті. Ерлер арасынан жекелей сында үздік атанған Фань Чжэньдун Астана жайлы өз пікірімен бөлісті.

- Жеңісіңіз құтты болсын! Финалда сіз әлемнің 3-ші ракеткасы Дмитрий Очаровты 4:0 есебімен жеңіп шықтыңыз. Ал осыдан бір ай бұрын сіз одан жеңілген болатынсыз. Бұны қалай түсіндіресіз?

- Мұнда ешқандай философия не құпия жоқ. Мен тек бар өнерімді ортаға салып, қарсыласымнан едәуір мықты екенімді дәлелдедім.  

- Бұл сіздің Астанаға алғаш келуіңіз. Алған әсеріңізбен бөліссеңіз.

- Астана суық болғанымен, көрерменнің ықыласы ыстық болды. Бір сөзбен айтқанда, қонақжай халық екен.

- 1 млн АҚШ долларымен қазынаңызды толтырдыңыз. Енді осы сомманы қайда жұмсамақсыз?

- Бір айта кетерлігі, бұл ақшаның толығы менің еншіме кетпейді. Құраманың қоржынында болады. Сол соммадан маған қаншасы тиетінін білмеймін. Ал жеке басыма тиесілі ақшаны әзірге қайда жіберетімді оны ойламаппын.

- Алдағы уақытта қандай жоспарыңыз бар?

- Еліме оралған соң, осы жарыстан жақсы нәтиже қорытындылауым керек. Қытайға барғаннан кейін мені баска да жарыстар күтіп тұр. Сондықтан алдағы додаларда осы жарыстан сабақ алып, жақсы нәтиже көрсетуге барымды саламын. 

Мәди Мұхамедқали

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал