07.11.2017, 15:59 Кевин Даллмэнның 400 ұпайы

«Барыс» хоккей клубы мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Кевин Даллмэн ҚХЛ- ғы 400 ұпайына ие болды.

Бүгін өз алаңында Мәскеудің «ЦСКА»- сын қабылдаған алаң иелері 5-3 есебімен жеңіске жетті. Ойынның екінші кезеңінде, 30 минутта Кевин Даллмэн Линден Вейге нәтижелі пас беріп, есептің 3-1 болуына өз септігін тигізген еді. Ал бұл өз кезегінде «Барыс» капитанының Құрлықтық хоккей лигасындағы 400 нәтижелі ұпайы болып отыр. Осы көрсеткішті қосқанда бүгінге дейін Кевин 546 ойында 133 шайба соғып, 267 рет әріптестерін шайбамен қамтамасыз еткен.

 Ең қызығы, бүгінге дейін ҚХЛ- да 400 ұпайлық межені небәрі 4 хоккейші бағындырған. Олар: Сергей Мозякин-769, Александр Родулов- 581, Данис Зарипов- 565, Вадим Шипачев- 481 ұпаймен. Ал енді «Барыс» қорғаушысы Кевин Даллмэн осы тізімдегі бесінші хоккейші және 400 ұпайлық межені бағындырған бірінші қорғаушы болып отыр.                                       

Шамкен Байырбек

  • Достармен бөлісу:

Пікірлер (0)