17.04.2018, 9:20 188 Қазақстандық кикбоксшы қарсыласын нокаутқа түсірді

Қазақстандық аралас жекпе-жектен спорт шебері Мерген Қиялов Қытай астанасы Бейжіңде өткен Kunlun Fight 72 турнирінде жеңіске жетті.
75 келі салмақта шаршы алаңға көтерілген отандасымыз, Қытайдағы танымал спортшы Жаң Янгке қарсы жұдырықтасып, қарсыласын 2 минут 15 секундта нокаутқа түсірді.
Айта кетейік, Kunlun Fight Қытайдағы ең танымал аралас жекпе-жек турнирі болып, әр жылы 30 турнир өткізіледі. Бұған дейін қазақстандық танымал спортшы Бейбіт Назаров та осы турнирдің чемпионы атанған болатын.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал