16.04.2018, 11:24 93 Қазақстандық баскетболшылар жастар арасындағы Олимпиада ойындарына қатысады

Баскетболдан Қазақстан құрамасы (3х3) Буэнос-Айресте өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алды,  деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі ҚР ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш дүбірлі додада ел намысын алматылық «National» командасы қорғайды. Жалпы Олимпиада турниріне жиырма мемлекет қатысады.

Қазақстан құрамасынан өзге Олимпиада ойындарында мына командалар өнер көрсетеді: Андорра, Аргентина, Бельгия, Бразилия, Венесуэла, Грузия, Иордания, Италия, Қырғызстан, Қытай, Латвия, Монғолия, Жаңа Зеландия, Ресей, Словения, АҚШ, Түрікменстен, Украина және Эстония.

Түпнұсқасы: nbf.kz

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал