16.04.2018, 10:42 97 Қазақстанда армрестлингтен ХVII Азия чемпионаты өтеді

Ақмола облысының Щучинск қаласында армрестлингтен Азияның 17-ші чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және денешынықтыру комитеті.

Армрестлинг спортын дамыту мақсатында өтетін біріншілік 19 сәуірде ашылып үш күнге созылады. Щучинскідегі «Жақсы» спорткешенінде өткізілетін турнирге Азия құрлығының 14 мемлекетінен 600 жуық спортшы қатысады.
Жарысқа еліміздің жасөспірімдер, жастар, ардагерлер, мүмкіндігі шектеулі азаматтары мен бастапқы құрам қатысады. Турнир әйелдер мен ерлер арасында бөлек жүргізіледі. Ерлер 11 салмақ дәрежесі бойынша: 55, 60, 65, 70, 75, 80, 85, 90, 100, 110 және 110 кг жоғары, әйелдер 7 салмақ дәрежесі бойынша: 50, 55, 60, 65, 70, 80, 80 кг жоғары сынға түседі.
Айта кетерлігі, армрестлингтен Азия чемпионаты елімізде үшінші рет өткізіліп отыр. Ең алғаш рет 2008 жылы Өскемен қаласында ұйымдастырылған, 2011 жылы турнир Алматыда өтті.
Жылдан жылға армрестлингтің танымалдылығы халық арасынды артып келеді. Бұл барлығын қолжетімді бұқаралық спорт түрі. Қазақстан құрамасы армрестлинг бойынша Азия құрлығында жетекші орында. Ал, соңғы жылдары тіпті әлем елдері ішінде үштікке кіреді.
Чемпионатты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті, Ақмола облысының әкімдігі, Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы, « Гір спорты және армспорт Федерациясы» РҚБ ұйымдастырады.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал