12.01.2018, 12:08 28 Қазақстан биатлоншылары жүлдесіз қалды

Германияның Рупольдинг қаласында биатлоннан Әлем кубогының бесінші кезеңінде әйелдер арасында 15 шақырымдық жекелей сайыстар өз мәресіне жетті.

Бұл сында ел намысын қорғаған отандастарымыздың арасынан Ольга Полторанина 28-орынға табан тіреді. Сондай-ақ, басқа төрт биатлоншы қыздарымыз мәре сызығына ең соңғылардың бірі болып жетті.

Аталған додада бас жүлдені италиялық Доротея Вирер жеңіп алса, Финляндия өкілі Кайса Мякяряйнен екінші орынды, канадалық Розанна Кроуфорд үздік үштікті түйіндеді. 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал

Пікірлер (0)