26.10.2017, 16:52 "Қазақстан Барысы" жобасы жайлы сіз білмейтін 5 дерек

Сонау ықылым замандардан бері қазақ білекті азаматтарына қара күштің киесі дарыған жан деп қана қарамай, ұлт қуаттылығын, ел құдіретін танытар өнер иесі деп қадір тұтқан. Енді ата жолын жалғап, тарихи спорт түрін кеңінен насихаттау басты міндетіміздің біріне айналды. Бүгінде табиғаттың таза сұрыптауынан өткен халықтың жекпе-жек өнерге деген ынтасы классикалық түрде жетілді деп айта аламыз. Егемендік алған жылдардан бастап ұлттық спорт түрін жетілдіру мақсатында көптеген шаралар ұйымдастырылған еді. Кейінірек қазақ күресінің жаңа тынысына «Қазақстан Барысы» ұлттық күрес жобасы келіп қосылды. 2011 жылы 20-шы тамызда бұл жүлде алғаш өткізіліп, халықтың ыстық ықыласына бөленді. Күні кеше дәстүрге айналған алып жоба жайында бірнеше қызықты деректер келтірген едік.  

  • Елбасы жүлдесіне өткізіліп келе жатқан жобаның тарихында тұңғыш рет үш дүркін «Қазақстан барысы» атанған Бейбіт Ыстыбаев ел тарихында қалды.
  • Жұманазар Ерсұлтанов (Оңтүстік Қазақстан) - «Қазақстан Барысындағы» ең ауыр салмақты палуан. Оның салмағы 160 келіні көрсетеді.  
  • «Қазақстан Барысы» мегажобасының төрешілері жарысқа бір күн қалғанда белгілі болады.
  • 2015 жылы ұйымдастырылған жоба Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы мен Конституцияның 20 жылдығына арналды.
  •  «Қазақстан Барысы» турнирінің 2014 жылғы финалдық ойындарында Жамбыл облысынан 3 палуан қатысқан. Аталған облыстан басқа ешқандай облыс мұндай көрсеткішпен мақтана алмайды.

Мұхтар Жәмішжанов

  • Достармен бөлісу:

Пікірлер (0)