12.01.2018, 14:20 126 Иванов ядро серпуден бас жүлдені жеңіп алды

Ядро серпуден Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Иван Иванов Өскеменде өткен Қазақстан кубогының бірінші кезеңінде айқын басымдықпен жеңіске жетті, деп хабарлайды  ҚР Жеңіл атлетика федерациясы.

Алматы облысының тумасы ұзақ уақыттан бері ұлттық құраманың бірінші нөмірлі спортшысы. Ол елішілік және халықаралық жарыстарда бабының жоғары деңгейде екенін байқатып жүр.

Иванов былтырғы маусымда Азия рейтингінде екінші орынға жайғасқан болатын. Оның ең үздік көрсеткіші - 20 метр. Әзірге қазақстандық жеңіл атлеттер арасында Ивановтың деңгейіне жететін ядро серпуші жоқ. Сондықтан Қазақстан кубогы Иван үшін дайындық деңгейін тексеріп көру мүмкіндігі. 25 жастағы атлет соңғы үш айда Португалияда жаттыққан еді. Иван Қазақстан кубогының алғашқы кезеңін жақсы бастады. Өскеменде спортшының ең үздік көрсеткіші 19,81 метр болды. Сөйтіп, екінші орын алған қостанайлық Дмитрий Зозулядан 7 метрге озып кетті.

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал