07.12.2017, 9:14 433 Дычко мексикалық «Суперменмен» қолғап түйістіреді

Қазақстандық былғары қолғап шебері Иван Дычко келесі жекпе-жегін 8-желтоқсан күні өткізеді.
Әуелде жекпе-жек 1 желтоқсанда Тампта (АҚШ, Флорида штаты) қаласының USF Sun Dome аренасында өтеді деп жоспарланған. Жерлесіміздің қарсыласы жергілікті боксшы Ламарко Эллис болуы керек еді. Алайда кеше Дычконың кіммен жұдырықтасатыны анықталды.
Енді 8-желтоқсан күні қостанайлық боксшы өзінің үшінші жекпе-жегін 39 жастағы мексикалық Карлос Сандовальға қарсы өткізеді. Алты раундтан тұратын айқас АҚШ-тың Флорида штатында болады.
Карлос Сандовальдың лақап аты - «Супермен». Ол кәсіпқой бокста барлығы 25 кездесу өткізіп, оның 10-да жеңіске жеткен. Кәсіпқой рингке 1997-жылы көтерілді. 

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал