28.10.2017, 18:37 «Бойымды кернеген тек қуаныш, қуаныш...»

Алматының «Қайрат» қомандасын чемпиондық тартысқа қайта қосқан жартылай қорғаушы Айбол Әбікен ойынан кейінгі әсерімен бөлісті.

- Акош Элек жарақат алғанда командаң үшін жауапты сәтте алаңға шығамын деп ойладың ба?

- Шынымды айтсам, шығамын деп ойлаған жоқпын. Бірақ, дайын болдым. Ал, бас бапкер сенім артып алаңға шығарған соң, барымды салып өзімді көрсетуді ғана ойладым.

-Гол соққандағы әсеріңіз?

- Әрине, «Астана» қақпасына осындай жауапты сәтте гол соққаныма қуаныштымын. Бұл голдың орны мен үшін қашанда ерекше болатыны да сөзсіз.

- Алаң ортасындағы жауапты ойын бойыңызға үрей ұялатқан жоқ па?

- Жоқ. Менің ойымда тек бас бапкердің берген нұсқауларын орындау ғана тұрды. Қазір сенімді ақтағаныма қатты қуанып тұрмын. Енді «Ақтөбемен» болатын соңғы ойынға тыңғылықты дайындалатын боламыз.

- Ойын алдындағы бас бапкердің нұсқауы қандай еді?

- Біз қарсыластың соңғы кездері көп ойын өткізіп жүргенін білетінбіз. Сол себепті қарсыласқа қысым жасауды арттыра түстік. Сосын бапкер шабуыл кезінде доптан айырылып қалмау керектігін үнемі айтып отырды. Соның арқасында шабуылда өз ойынымызды көрсете алдық.

Шамкен Байырбек

  • Достармен бөлісу:

Пікірлер (0)