03.11.2017, 11:04 «БИІК-Қазығұрт» - чемпион, үздік ойыншы - Бегайым Қырғызбаева. Чемпионаттың қорытындысы шықты.

Шымкенттің командасы қатарынан бесінші рет әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионы атанып отыр.

30 қазан күні Калоян Петков шәкірттері Көкшетаудың «Оқжетпес» командасына қарсы осы чемпионаттағы соңғы матчын өткізді. Бұл ойын әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының ауыстырылған 12-ші тур аясында өтті. Кездесу 1:0 есебімен «БИІК-Қазығұрт» командасының пайдасына шешілді. Соғылған жалғыз голдың авторы – Бегайым Қырғызбаева (8 минут).

2017 жылғы ҚР чемпионатының қорытындысы бойынша үздік ойыншылар анықталды:

Үздік бомбардир – Гүлнар Габелия «БИІК-Қазығұрт» (19 гол)

Үздік шабуылшы – Вероника Ихезуо «БИІК-Қазығұрт»

Үздік қорғаушы – Армине Хачатрян «Оқжетпес»

Үздік қақпашы – Александра Гребенюк «БИІК-Қазығұрт»

Үздік ойыншы Бегайым Қырғызбаева «БИІК-Қазығұрт».

Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының турнирлік кестесі

О

Команда

О

Ж

Т

Ж

Д

ДА

Ұпай

1

БИІК-Қазығұрт(Шымкент қ.)

16

16

-

-

84-3

+78

48

2

Оқжетпес (Көкшетау қ.)

16

12

-

4

52-19

+33

36

3

СДЮШОР №7 – БИІК (Шымкент қ.)

16

6

1

9

28-33

-5

19

4

СШВСМ-Барыс (Алматы қ.)

16

5

1

10

30-54

-20

16

5

ОСДЮСШ №2 (Ақтөбе қ.)

16

-

-

16

2-81

-79

0

 

 

 

 

ҚФФ-ның баспасөз қызметі

  • Достармен бөлісу:

Пікірлер (0)