12.10.2017, 14:07 Бауыржан Тұрысбек:«Ойынның басынан алаңға шығып, жеңіске үлесімді қосқым келеді»

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Бауыржан Тұрысбек Армения құрамасына қарсы ойын алдында журналистердің сауалына жауап берген болатын.

Ертеңгі ойынға деген дайындығымызды сұраудың өзі артық болар. Өйткені өздеріңде бәрі білетіндей өз алаңымыздағы соңғы ойын.  Жігіттердің бәрі ойын барысында бар күш-жігерін сарқуға дайын. Сондықтан тек жеңіске жетуге тысысамыз.

-Бауыржан, Румыниядан елге кеше оралдыңыздар. Ал ертең тағы ойын. Қайта қалпына келу процесі қалай ?

Иә, уақыт аз болғаны рас. Кеше келген соң жаттығу жұмыстарын өткізген болатынбыз. Алайда демалуға да уақыт жеткілікті болды. Ел біріншілігінде тығыз ойын кестесіне үйреніп қалған соң болар, ертеңгі ойынға сақадай саймыз.

-Ұлттық құрама сапындағы алғашқы голыңызбен құттықтаймыз! Ертеңгі ойынды негізгі құрамда бастауға мүмкіндігің бар деп ойлайсың ба?  

-Әрине, барлық ойыншы негізгі құрамда шығып, командалық нәтижеге өз үлесін қосуды қалайды. Егер негізгі құрамда шықсам мен де аянып қалмауға тырысамын.

-Бауыржан Исламханнан бөлек өткен ойында ескерту қағазын алуларына байланысты командаластарың Исламбек Қуат пен Ғафуржан Сүйімбаев ертеңгі ойынға шыға алмайды. Аталған ойыншыларсыз қиынға соғады деп ойламайсыз ба?

Бұл ұлттық құрама. Бұнда әр клубтың кіл мықтылары жиналғандықтан әр шепте бірін-бірі алмастыратын ойыншылар жетерлік. Сондықтан бұл тұрғыдан бізде ешқандай мәселе туындамайды деп сенемін.

Ертеңгі қарсыластарымыз өз алаңдарында Польшаға қарсы ірі есеппен ұтылғанын білесіз. Армения құрамасына не жетіспеді?

Армения құрамасы біз дайындалып жатқанда ойнап жатқан болатын. Егер команда ірі есеппен ұтылса, онда, әрине, қорғаныста кемшілікте бар деген сөз. Осыны ескере отыра, ертең қарсыластың қателігін мүлт жібермеуге тырысамыз.

- Топтағы турнир кестесінде Армения бізден бір саты жоғары тұр. Дегенмен екі ұжымның деңгейі бір деп ойлайсыз ба?

Ең бірінші, бәріміз футболшымыз. Сондықтан қашанда қайдай қоманда болсын жеңіске жетуге болады.

-Тағы да алғашқы голыңызбен құттықтаймыз! Румыниядағы жеңілістен кейін Александр Бородюк ойыншыларыма жылдамдық жетіспеді деген еді. Жаттығуларыңызда кемшіліктер бар деген сөз бе?

Иә, жылдамдық жетіспеді дегенмен келісемін. Бас бапкер де ойыннан соң, кемшіліктерімізді айтып сонымен жұмыс істеуімізді тапсырды.

 

Шамкен Байырбек 

  • Достармен бөлісу:

Пікірлер (0)