16.04.2018, 7:55 196 «Астананың» велошабандозы «Амстел Голд Рэйсте» топ жарды

Нидерландыда «Амстел Голд Рэйс» біркүндік жарысы өтті. Осы жарыста «Астана» велокомандасының даниялық велошабандозы Михаэль Вальгрен топ жарды.
Айтулы веложарыста мәре сызығын «Mitchelton-Scott» командасының спортшысы Роман Кройцигер екінші болып кесіп өтсе, үздік үштікті «Bahrain-Merida» командасынан италиялық Энрико Гаспаротто түйіндеді.
«Амстел Голд Рэйс» Maastricht - Berg en Terblijt. 263 км

1. Михаэль Вальгрен (Дания, «Астана») - 6:40:07
2. Роман Кройцигер (Чехия, «Mitchelton-Scott»)
3. Энрико Гаспаротто (Италия, «Bahrain-Merida») - +0:02
8. Якоб Фульсанг (Дания, «Астана») - +0:23
44. Омар Фраиле (Испания, «Астана») - +3:26
68. Андрей Гривко (Украина, «Астана»).
  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал