10.01.2018, 13:57 "Астананың" экс-футболшысы "Валенсия" сапындағы алғашқы голын соқты

"Астана" футбол клубында доп тепкен серб жартылай қорғаушысы Неманья Максимович "Валенсия" сапындағы алғашқы голын соқты.

Футболшы 2017 жылдың жазында испандық клубтың қатарын толықтырған болатын. Негізгі құрамдағы ойыншы болмаса да, одан бергі аралықта арагідік алаңға шығып жүр. Түнде Испания кубогының 1/8 финалындағы "Лас-Пальмасқа" қарсы қарымта ойында гол соғып, көзге түсті. Бұл - серб ойыншысының "Валенсия" сапындағы алғашқы голы.

  • Достармен бөлісу:

Пікірлер (0)