11.01.2018, 11:48 27 Алматыда баскетболдан Қазақстан чемпионатының екінші кезеңі өтеді

Қаңтардың 22-і мен 26 аралығында Достық спорт кешенінде “Алматылық Легион” мен тағы жеті команда Жоғарғы лигада бақ сынайды, деп хабарлайды SPORTINFORM CAA.

Бүгінгі күні, бірінші кезеңнің нәтижелері бойынша, “Алматылық Легион” Жоғарғы лига турнирінің кестесінде бірінші орынға жайғасты. Сонымен қатар, команданың қоржынында алты матчтан алты жеңісі бар. Екінші кезеңде алматылық команданың бірінші орынды нығайту үшін мүмкіндіктері баршылық. Өйткені, олар алаң қожайындары, оларда “алтыншы ойыншы” – жанкүйерлерінің қолдауы бар. Екінші тур аясында алматылықтар бес ойын өткізеді. “Алматылық Легионның” бас бапкері Олег Кисилев атап өткендей, чемпионатта барлығының күштері тең, әр команда мықты қарсылас болуы мүмкін.  

Дегенмен, легионерлердің маңызды кездесулерінің бірі турдың басында шымкентттік “Казығұрт” командасымен өтеді. Алматылық жанкүйерлердің өткен маусымда шымкенттік баскетболшылардың қандай қарсылас болғаны есінде болар. Бірінші турдың нәтижелері бойынша шымкенттіктер бір ғана ұпай айырмасымен екінші орынды иеленді. Онымен қоса, бірінші кезеңде басты қарсыластар кездеспеді, сондықтан бұл матч қызықты да тартысты ойындардың біріне айналмақ. “Казығұрттан” бөлек, “Легион” “Ақтөбе”, “Иртыш”, “Барыс” және “Барсы Атырау 2” командаларымен бәстеседі. Барлық командаларға тек жеңіс керек, кез келген команда негізгі ойыншыларының арқасында нығая түсуі әбден мүмкін.


 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал

Пікірлер (0)