07.11.2017, 16:05 Әлем чемпионатының қорытындысы шықты

Астана қаласында «Барыс Аренада» өткен қазақ күресінен әлем чемпионатына 40 мемлекеттен 167 палуан қатысты. Жалпы 9  салмақ дәрежесінде 40 медаль сарапқа салынды. Әлем біріншілігінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 6 алтын, 1 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты.

Жеңіс тұғырынан көрінгендерге 2 мың, екінші орын алғандарға 1 мың, ал үшінші орынды иеленгендерге 500 АҚШ доллары көлемінде жүлде берілді.

Қазақ күресінен әлем чемпионатының қорытындысы бойынша отандастарымыз 55 келіде Марат Нығматуллаев, 60 келі салмақты Қуаныш Ысқақов, 66 келіде Қасымхан Төленбай, 74 келіде Ғалымжан Әбдірахманов, 82 келіде Ерсұлтан Мұзафаров, 90 келіде Әділжан Ыстыбаев чемпион атанды.  

Айдана Алдоңғарова

  • Достармен бөлісу:

Пікірлер (0)