10.01.2018, 17:31 107 Сейілда Байшақов орнын босатады

Бүгін Астанада Қазақстан Футбол Федерациясы атқарушы комитетінің мүшелері бас қосты, деп хабарлайды SPORTINFORM CAA тілшісі. 

Отырыста ҚФФ президенті Сейілда Байшақов орнын босатқысы келетіндігін жеткізді. Алайда, атқарушы комитет мүшелерінің  Федерация басшысын қызметтен босатуға құзыры жетпейді. Сондықтан Сейілда Икрамұлы тағы да бір кезектен тыс конференция шақыртуға мәжбүр. Кездесуде осы мәселе кеңінен талқыланатын болады. 

2016 жылы ҚФФ XIV кезектен тыс сайлау конференциясында Федерация мүшелері мен ҚФФ Атқарушы комитетінің мүшелері бірауыздан Байшақовты ҚФФ жаңа президенттігіне сайлаған еді. Бүгін отставкаға арыз берді. 

Байшақов Сейілда Икрамұлы 1950 жылы 28 тамызда дүниеге келген. Өзінің спорттағы мансабының басым бөлігін «Қайрат» командасында өткізді. 300-ге тарта матчқа қатысқан ол қазақстандық футболдың мақтанашы болып саналады.

Ол «Қайратқа» Александр Севидовтың шақыруымен келген болатын. 1971 жылы ленинградтық «Зинитпен» ойында негізгі құрамда шықты. Көп жылдар бойы ол команданың капитаны және көшбасшысы болды. 1981 мансабын аяқтағаннан кейін «Қайраттың» бас бапкерінің көмекшісі қызметін атқарды.  ХХ жүз жылдығында Қазақстанның үздік футболшысы деп танылды. 2007 жылдың тамызынан ҚФФ вице-президенті лауазымында қызмет атқарды. 2016 жылдың қарашасынан бастап бүгінге дейін ҚФФ президенті болып келді. 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал

Пікірлер (0)