16.04.2018, 17:32 98 Әнші-әртістер «Өнер барысын» анықтайды

Қостанайда өнер адамдарының арасында қазақ күресінен жарыс өтеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақовтың айтуынша, мұндай шара өңірде тұңғыш рет өткізілгелі отыр. Жарыс сәуір айының соңына қарай жоспарланған.
«Қостанайдағы қазақ драма театрының әртісі Төленді Әлқожа өнер адамдарының арасында спорт бәсекесін өткізу туралы ұсыныспен келді. Біз бұл идеяны қолдадық. Бір жағынан «Өнер барысы» қайырымдылық үшін ұйымдастырылады. Жарысқа қатысушылар мен көрермендерден түскен қаржы «Жизнь на ладони» қайырымдылық қорына жіберіліп, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек ретінде беріледі. Күрес қатысушыларына мәдениет басқармасы естелік сыйлықтар тапсырады», - деді Е.Қалмақов.
Өнерпаздар 65 келіге дейін және одан жоғары салмақта сынға түседі. Жарысқа 20-40 жас аралығындағы әуесқой спортшылар қатыстырылады. Олардың арасында театр және кино әртістері бар. Бұған қоса, «Өнер барысына» елімізге танымал әншілер шақыртылды. Ал төрешілер құрамын облыстық спорт басқармасы бекітеді.

 

  • Достармен бөлісу:
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • Танымал